BANNER

Республикалық акция «Жүректен-жүрекке»

Фото: Пресс-служба АНК Карагандинской области

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөнінде Қарағанды қаласында өңірлік штаб жұмысын бастайды. 
Гуманитарлық көмек жинау пункті: Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы 64, мекенжайындағы Достық үйінің ғимаратында орналасқан.
Көмек ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін күн сайын (жексенбіден басқа) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы Гуманитарлық көмек жинау операторы болып анықталды. 
Жинау пунктіне жіберілетін көмектің түрі мен санын штаб үйлестірушісі Татьяна Александровна Абрамовамен алдын ала келісуді сұраймыз. тел.: 8 701 512 89 75
Достық үйі өкілдерінің байланыс телефондары: 8707 872 89 28
8 775 921 19 20.