BANNER

Қарағанды тұрғындарын тегін қаржылық сауаттылық сабақтарына шақырады

Фото: gov.kz

Қарағандыда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Қарызсыз Қоғам" жобасын іске асыру жалғасуда. Жаңа ағын 8 сәуірде басталады.

Тегін оқыту бағдарламасы қаржылық сауаттылықтың негізін, отбасылық бюджет аудитін, жеке қаржыны басқаруды, қаржылық жоспарлауды, сондай-ақ бизнес-жоспарлар жазуға көмекті және ШОБ-ты мемлекеттік қолдау жөніндегі ақпаратты қамтиды.

Оқудан бөлек, қатысушыларға заңгерлердің көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша практикалық кеңестер береді.

Оқу соңында сертификат беріледі.

Сабақтар 8–12 сәуір аралығында өтеді.

Қатысу үшін келесі телефон арқылы жазылуға болады: (8-7212) 42-15-05, 40-08-53, +7-778-097-69-08 немесе qogamfin.kz сайтында тіркелу керек.

Қарағандыда "Қарызсыз Қоғам" жобасы бойынша оқыту Әлиханов көшесі, 4 мекенжайы бойынша (облыстық Amanat партиясының ғимаратында) жүзеге асырылады.

Сабақ уақыты 09:00-ден 13:00-ге дейін.