BANNER

Саран қаласында ең үздік аула мен ауданға байқау жарияланды

Саран қаласының әкімдігі

Саран қаласында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция аясында ең үздік аула мен ауданға байқау жарияланды. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Ол үшін Instagram әлеуметтік желісінде сенбіліктің суретін #ТазаСарань хэштегімен жариялап, @saran_today парақшасын белгілеу қажет. Байқауға материалдар 31 мамырға дейін қабылданады.

Байқауға үйдің жанындағы өз учаскесін абаттандырумен және көгалдандырумен айналысқан кез келген тұрғын қатыса алады.

Конкурс жеңімпаздарын комиссия анықтайды. Бірінші орынға аула аумағын абаттандыруда барынша белсенді болған адам ие болады.