BANNER

17 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

pixaboy

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидромет РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ҚР бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстікте бұршақ күтіледі.