Астанада сегізінші сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Ақпаратты елорданың Білім басқармасы растады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Бала қазір ауруханада.
"Жәбірленушінің миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ мықын сүйектері сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алынған жарақаттарға байланысты), тұрақты. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта тиісті органдар оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.