Осындай ұранмен, №34 мекемесінде жыл сайын 28 сәуірде аталып өтетін еңбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың кәсіби мерекесі қарсаңында “Еңбекті қорғау күні өткізілді”.
Мекеменің №1 колледжінің оқытушыларының көмегімен сотталғандарға «Еңбектегі және оқудағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік күніне арналған сурет байқауы өтті.
«Біз сотталғандардың жұмысы қауіпсіз болғанын қалаймыз және осы мақсатқа қол жеткізу үшін қолжетімді ақпарат алуға бағытталған шараларды қолданып жатырмыз. Сотталғандар жұмыс орнында жарақат алмау үшін қауіпсіздік ережелерін білуі және оны сақтауы керек», - деп атап өтті мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.
Еңбекті қорғау күнін өткізудің негізгі мақсаты – өндірісте жұмыс істейтін сотталғандарға, жұмысты орындау кезінде еңбек техникасы мен қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақталуын көрсету.