BANNER

Қарағандылық жеңіл атлеттер Азия чемпионатынан алтын және күміс медаль ұтып алды

Фото: gov.kz

Дубайда (БАӘ) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан 21-ші Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасында Қарағанды облысынан тоғыз спортшы өнер көрсетті.

Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледж мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Алина Чистякова жетісайыста алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, осындай тамаша нәтиже көрсете отырып, қарағандылық спортшы тамыз айында Перуде өтетін әлем чемпионатында өнер көрсету құқығына қол жеткізді.

Азия біріншілігінде Ә. Молдағұлова атындағы ОРКМИ тағы бір жеңіл атлеті – Милана Зубарева да ерекшеленді. Спортшы 4х400 метрлік эстафеталық жарыста күміс жүлде жеңіп алды.

Ал қарағандылық Марина Малюгина биіктікке секіруде, Александр Акимов 3000 метрге кедергілермен жүгіруде және Михаил Котов онсайыста медаль алуға сәл ғана сәттіліктері жетпей қалды. Олардың барлығы төртінші орынға ие болды.