BANNER

Дзюдодан Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді

Qazaqstan Olympic Team телеграм арнасынан

Дзюдодан Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин күміс медаль иеленді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

60 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Шамшидин тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовпен кездескен болатын.

Белдесу Куватовтың жеңісімен аяқталды. Тәжік балуаны «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.

Ал бұл Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр.