BANNER

Астанада автобус ішінде газ баллонын шашқан ер адамға 73 мың теңге айыппұл салынды

Фото: видео скрин

Астанада қоғамдық көліктің жолаушысы бақылаушы төлем сұрағаны үшін автобус ішіндегі газ баллонын шашып жіберді деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz -ке сілтеме жасап.

"City Transportation Systems" ЖШС мәліметінше, оқиға 1 мамырда № 21 маршрутта "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында болған.

"Жолаушылардың бірі CTS көліктік бақылау департаментінің қызметкеріне жол ақысын төлеуден бас тартатынын айтты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жолаушылардың бірінің жеке ескертуіне қарсы шыққан ол газ құтысын шашып жіберді", - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты 73 840 теңгеге айыппұл салумен әкімшілік хаттама жасағаны алға тартты."Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол ақысын уақтылы төлеуді. Тексеру кезінде билетіңізді көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуіңізді сұраймыз", - деп толықтырды көлік компаниясы.