BANNER

Қарағандыда Бұқпа өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

-

Қарағандылықтар "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясына белсенді қатысып жатыр. Өткен сенбіліктерде олар 5 мың тоннадан астам қоқыс жинады. Мереке күні, 7 мамырда 100-ден астам адам Бұқпа өзенінің аумағын тазартуға кірісті.

e276ffa49c7fb1b0a729d34f8082e526_original.113311.jpg

Қатысушылар қатарында экологиялық қозғалыстың еріктілері, қала жастары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.

c996476015ec02801ff7732d5295abba_original.117931.jpg

Олар бірлесіп өзен арнасының бір бөлігін тазалап, 300 қап қоқыс жинады.

eb1bf7991149657208eb85a6bb90ba39_original.96875.jpg

– Бүгін Бұқпа өзенін тазарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, болашақта біз оны жалғастырамыз. Сондай-ақ, бір ай бойы жалғасатын "Таза Қазақстан" акциясы барысында 5000 тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өткім келеді. Сенбілікке қаланың 10 мыңға жуық тұрғыны қатысты, – деді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ринат Қаржасбаев.

42b70a1839ed563e967abb98f4a38b86_original.87854.jpg

Экологиялық еріктілер қозғалысының жетекшісі Рахат Райымбеков қарағандылықтарды су ресурстарына ұқыпты қарауға, өзендер мен су айдындарын ластамауға шақырды.

37ed3d98facc4ae12b675790ce82ceff_original.87764.jpg

– Таза су – біздің ортақ байлығымыз, оны қорғау қажет, – дейді Рахат Райымбеков. – Өзендер мен көлдерді таза ұстай отырып, біз адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаймыз. Біздің әрқайсымыз қаланы осындай акцияларға қатысу арқылы қоқыссыз және таза ете аламыз. Қарағанды үшін таза тіршілік нәрі – "Мөлдір бұлақ" құрайық!

3214946ebb5678507ef9e729da63ad55_original.138468.jpg

Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" экоакциясының бесінші аптасы "Мөлдір бұлақ" деп аталып, бұлақтарды, өзендер мен көлдердің жағалау аймақтарын тазартуға арналған.