Юлия Путинцева (41 WTA) Римде WTA-1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Екінші раунд матчында қазақстандық Слоун Стивенсті (35 WTA) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут ойнады. Жеке кездесулерде Юлия алға шықты – 4:3.
31 жастағы америкалық 2017 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жеткен.
Ал, Путинцева үшінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.