BANNER

Жамбыл облысында жасөспірім өлі табылды

Фото: unsplash.com

Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болып, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

13 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданы орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

“Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.