BANNER

Қазақстандық гимнасшылар Португалиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Фото: ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары Португалияда өткен "Шақырту кубогінде" үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да үздік шығып, күміс пен қола жүлде жеңіп алды. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанса, Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс, ал шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді. Дегенмен көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова бесінші, Жайлауова 7-орынға жайғасты.