BANNER

Автомобиль жолдарының сапасы бойынша «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды

LIFE09

2024 жылдың 29 сәуірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы бойынша «Халықтық бақылау» ауқымды жобасы іске қосылды.

Бүгінде жоба қарқын алуда. Осылайша, 2024 жылдың 30 мамырында осы жоба аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды ​​облыстық филиалы Қарағанды ​​облысы бойынша Қоғамдық кеңеспен және «Әділдік жолы» РҚБ өкілдерімен бірлескен іссапармен «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» тас жолының 110-163 шқ учаскесіне барды. Сапар барысында 110-163 шқ учаскедегі орташа жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайы тексеріліп, баяндалып, 2022 жылдан бері жүргізіліп жатқан 163-217 шқ учаскедегі орташа жөндеу жұмыстарының орындалу қорытындысы шығарылды.

1

1