BANNER

Қарағандылық гематологтар қатерлі қан ауруларын емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде

-

Қарағандыда гематологиялық орталық дәрігерлері әйелге қатерлі миеломаны жеңуге көмектесті. Тексеру барысында дәрігерлер әйелдің омыртқасы сынған деген диагноз қойған.
Ольганың анасы, 73 жастағы Любовь Константиновна 2022 жылдың мамыр айында белінің ауырғанын байқаған.
«Анамның ауыруы 2022 жылдың мамырында басталды. Біз тұрғылықты жеріміздегі емханаға (Қалалық МСАК) бардық. Невропатологқа барып, қан тапсырдық, дәрігер емдеуді тағайындады, бірақ жақсы көрсеткіш болмады. Невропатологтың ұсынысы бойынша гематологқа қаралдық, ол қосымша зерттеулерге жіберіп, диагнозы анықталды», - дейді науқастың қызы Ольга Белоусова.
Көп миелома – плазмалық жасушалардың қатерлі ісігі. Ісік тіндері көбінесе жалпақ сүйектер мен омыртқада өседі, сонымен қатар сүйек кемігі мен бүйректер де зардап шегеді. Ауру патологиялық сынықтар түрінде көрінеді, яғни сүйектерде бұзылу ошақтары және сынықтар пайда болуы мүмкін. Әсіресе омыртқа мен қабырғаларда.
Науқастың ауруы алғаш рет өткен жылдың мамыр айында ауырсыну түрінде басталған. Науқас аз уақыт ішінде 12 кг арықтады, осы шағымдармен емханаға қарала бастады. Жағдайы нашарлап, емханада тексеру аясында омыртқаның КТ/МРТ тағайындалды, онда патологиялық сынықтар мен бұзылу ошақтары анықталды, содан кейін гематологтың нұсқауымен гематологиялық орталыққа жатқызылды.
«2022 жылдың қыркүйегінде күндізгі стационар деңгейінде біз оның диагнозын анықтадық, сол кезден бастап пациент біздің бақылауда. Ол қазір үйде, емделуді жалғастыруда, емханада дәрі-дәрмек амбулаторлық қамтамасыз ету аясында тегін беріледі. Дәрі-дәрмек режимі анықталды: оны 21 күн қабылдайды және бір апта демалады. 3 айда бір рет бізге келіп, қаралады. Соңғы рет мамыр айында келіп, қаралып кетті, енді 2024 жылдың тамызында келеді, біз анализдер тапсырып, пациенттің жағдайын тексереміз. Науқас зейнеткер ретінде сақтандырылғандықтан кепілдік берілген көлем мен медициналық сақтандыру аясында тегін ем алады», - дейді гематология орталығының гематологы Мария Каханова.
Бүгінгі күні әйелде аздап ауырсыну байқалады, бірақ ол ешқандай ауруды басатын дәрі қабылдамайды. Аурудың алғашқы кезінде пациент қозғала алмай, тіпті жатқан жерінен отыра алмайтын, яғни өте қатты ауырған. Қазір ол күндізгі стационарға өз аяғымен келеді, баспалдақпен көтеріледі және жеткілікті белсенді өмір салтын жүргізеді.