Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева асырап алған балаларды қинады деген күдікке ілінген ер кісінің әрекеті туралы жаға ұстатарлық деректермен бөлісті.
Омбудсменнің мәліметінше, ер адам оларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Қазіргі күні ер адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар мектеп педагогтері мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған.
"Аталмыш қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт", - деп жазды ол.
Омбудсменнің айтуынша, бұл оқиғада біраз сұмдық бар.
"Соның бірі - балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Сондай-ақ олар балаларға тиесілі ақшаны ешкі сатып алуға жұмсап, балаларға баққызғаны туралы дерек бөлек тергелуде", - дейді Зәкиева.
Ол үлкен баланың денесіндегі көгерген іздерді көрген мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ қорғаншылық органына қойылар сұрақ көп екенін атап өтті. Олардың да үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.