BANNER

Теміртауда SAF AUA экологиялық бастамаларының екінші өңіраралық форумы өтті

-

Теміртауда SAF AUA экологиялық бастамаларының екінші өңіраралық форумы өтті.

Форумның мақсаты - өнеркәсіптік өңірлердің экологиялықпроблемаларына назар тарту және оларды шешу жолдарыніздеу. Форумды Еуропалық Одақтың («Орталық Азиядағыорнықты энергетикалық байланыстар (SECCA)» жобасыарқылы), ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігіжәне жергілікті атқарушы органдардың қолдауыменECOJER Қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды. 

«Таза ауа, салауатты табиғат - бұл жай ғана сөз емес, бұл біздің балаларымыздың болашағы, бұл бүкіл Қазақстанның әл-ауқатының негізі. Сондықтан да біз SAF AUA форумын экология мәселелері ерекше назар аударуды және кешенді шешімдерді талап ететін Теміртау қаласында өткізіп отырмыз. Біз мемлекеттің, бизнестің және жұртшылықтың бірлескен күш-жігері, озық технологияларды тарту және өнеркәсіпті дамытуға жауапты көзқарас жағдайды оңалта алады деп сенеміз. Өңірлердің экономикалық табыстары ғана емес, таза ортасы да бүкіл Қазақстан үшін үлгі болсын. Біз осыған ұмтыламыз", - деді Қазақстандық ECOJER қауымдастығы кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

QARMET АҚ өкілдері қоршаған ортаға әсерді азайтуды ескере отырып, алдағы жылдарға жасалған даму стратегиясын таныстырды. Көміртекті бейтараптыққа көшу жағдайында көмірді газсыздандыру және көмір химиясы Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамытудың стратегиялық маңызды бағыттарына айналатыны атап өтілді. Көмірді отын ретінде тұтынудың төмендеуіне қарамастан, оны қайта өңдеу, соның ішінде пиролиз, газдандыру және гидрогенизация әртүрлі органикалық және бейорганикалық өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер ашады. Қазақстанда көмір химиясын дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға, жаңа нарықтарға шығуға және ішкі сұранысты қанағаттандыруға ықпал ететін болады. 

Жалпы, Қарағанды облысының даму бағдарламасына бүгінде экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған жобалар енгізілген. Бұл баламалы энергия көздерін салу, қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнату, жыл сайын 1 млн ағаш отырғызу есебінен жасыл аймақтарды құру, ең бастысы, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын газбен жұмыс жасауға ауыстыру. 

Қоршаған ортаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесін (АМЖ) енгізу мәселелері жеке талқыланды. АМЖ белсенді қолданылатын өңірлерде соңғы бес жылда ауаның ластану деңгейі 15-20% - ға төмендегені, экологиялық апаттар мен төтенше жағдайлардың жиілігі де ықтимал қауіптерді жедел анықтау мен жоюдың арқасында 10-12% - ға төмендегені атап өтілді. 

 

Қатысушылар сондай-ақ Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін кешенді шешу қажеттілігі туындағанын атап өтті. Бүгінгі таңда саланың 1000-нан астам кәсіпорны сапалы шикізат тапшылығын көріп отыр, бұл олардың өндірістік қуаттылықтарының жүктелмеуіне әкеледі. Жағдайды түзету үшін қалдықтарды басқару саласында жалпы сомасы 230 млрд теңгеден асатын 94 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 49 қоқыс сұрыптау кешені салынады, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 45 кәсіпорын жаңғыртылады, бұл 800-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.   

Форумда өнеркәсіптің энергетикалық трансформациясы, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру стратегиясы және құрылыста жасыл технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«Энергетика мен қоршаған орта арасындағы байланысайқын. Планетамыздың тұрақтылығы көбінесе бұлқатынастың қаншалықты үйлесімді болатынынабайланысты. Экономикалық өсімді жоғары көміртегі ізі бар ресурстарды тұтынудан бөлу Еуропалық Одақ үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық маңызды басымдық болыптабылады. Осыған байланысты көміртегішығарындыларына баға белгілеудің әділ жүйесін құруҚазақстанға парниктік газдар шығарындыларын тиімдірекқысқартуға мүмкіндік береді. Еуропалық ОдақҚазақстанның шығарындыларға квоталар саудасыныңеуропалық және қазақстандық жүйелерін жанастыружөніндегі мақсаттарын толық қолдайды. Біз ЕО трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі (CBAM) туралыжағдайды тұрақты талдау жөніндегі Экология және табиғиресурстар министрлігінің күш - жігерін жоғары бағалаймызжәне өз тарапымыздан барлық қажетті ақпаратты беругедайынбыз», - Еуропалық Одақтың ҚазақстанРеспубликасындағы Өкілдігінің Бағдарлама менеджері Роберт Брудзински деді. 

Форум қорытындысы бойынша нақты ұсыныстары мен ұсынымдары бар қарар дайындалады, олар мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және халықаралық ұйымдардың атына жіберілетін болады. 

Форумды ұйымдастырушы – «ECOJER» қауымдастығыбарлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері Теміртаумен Қазақстанның басқа да өнеркәсіптік өңірлеріндегіэкологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндікберетініне сенімді.

Форумға ҚР Экология және табиғи ресурстарминистрлігінің, Еуропалық Одақтың Қазақстандағыөкілдігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қоғамдастықтыңөкілдері, сондай-ақ экоактивистер мен қоғам белсенділеріқатысты.