BANNER

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы пайда болады

Фото: aikyn.kz

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Келісім 2023 жылғы 27 қарашада Астанада жасалған. Ол достық қарым-қатынасты дамытуға, мәдени-гуманитарлық саладағы алмасу мен ынтымақтастыққа бағытталған.

"Келісім екі мемлекет басшысының Қытай мен Қазақстанда теңдестірілген негізде мәдени орталықтар құру туралы келісімі аясында әзірленді. Олар жіберуші тарап аккредиттеген және қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде жұмыс істейтін болады. Мұндай орталықтардың құрылуы мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға серпін береді", – деді Аида Балаева.

Қазіргі таңда Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан бұл орталықтың концепциясы жасалып, мазмұны айқындалған. Атап айтқанда ол жерде:
- кино көрсетілімдері мен концерттік қойылымдарға арналған көпфункционалды зал;
- білім беру курстары, тренингтер, шығармашылық кездесулер өткізетін арнайы кеңістігі бар коворкинг орталығы;
- көрмелер өткізуге қолайлы экспозициялық мультимедиялық алаңша;
- еліміздің туристік әлеуетін көрсететін арнайы туризм бұрышы орналасатын болады.