BANNER

Жазасын өтеуші Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтің портретін салды

Сурет: мекеме басшылығынан

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №34-ші мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат қазақтың ірі қоғам қайраткері мен жазушысы – Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтің портретін салған.

«Мекеменің кітапханасында түрлі қаламгерлердің кітаптарын оқи бастадым, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов шығармаларымен таныстым. Олардың кітаптары маған көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Олардың портреттерін салу идеясы ойға келді», – дейді портреттердің авторы.  

Ахмет Байтұрсыновтың портреті Абай ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясына, Мұхтар Әуезовтің портреті Қарағанды қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханаға сыйға тартылды.

Портрет

«Мекемеде шығармашылық әлеует пен тұлғаны дамытуға қажеттінің бәрі бар. Сотталушы портрет салу идеясын айтқан кезде біз оған қағаз беріп, портрет салуға қолғабыс жасадық», – деп атап өтті №34-ші мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.