BANNER

Сауд Арабиясы Корольдігі қажылыққа арнайы визасыз барғандарға айыппұл салады

Сурет: pixabay.com

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі қажылыққа қажетті рұқсат алмаған тәртіп бұзушыларға айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

«Қажылық ережелерін бұзған кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге – 10 000 саудиялық риал, яғни, 2666 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдаған кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін, яғни 13 328 АҚШ доллары, айыппұл төлейді және тасымалдау үшін пайдаланылған көлігі тәркіленеді»,делінген ҚМДБ хабарламасында.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі 26 сәуірде арнайы мәлімдеме жасап, тиісті қажылық визасынсыз қажылыққа бару заңсыз екенін мәлімдеді.