BANNER

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қарағанды облысына іс-сапармен келді

Life09

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қарағанды облысына арнайы іс-сапармен келді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігінің тілшісі. 

1
Мәлік Нұржанұлы іс-сапарын достық үйінде қоғам өкілдерімен кездесуден бастады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын , қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар өз саласында атқарған жұмыстары жайында айтып берді. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген мәселелерін ортаға салды.

1
Сондай-ақ, Президент айтқан «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» атты бағыттарға жан-жақты түсініктеме беріп өтті. Өз кезегінде қарағандылық қоғам өкілдері де елде орын алып жатқан өзгерістерге оң бағасын беріп, Мемлекет басшысының әрбір бастамасына тілекші екендіктерін жеткізді.

" Бүгін арқа төріне ҚР Президентінің кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері Мәлік Нұржанұлы Отарбаев келіп отыр. Қарағанды облысы елімізде орны бар өңірлердің бірі. Қазақтың қай жері болмасын қасиетті, қастерлі екені рас. Дегенмен, осы арқа өңірінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл кешегі үш жүзге билік айтқан Қазыбек бидің елі, бұл өр Мәдидің елі. От шайнап, шоқ түкірген кешегі Қасымдардың елі. Осындай қасиетті, қазыналы Қарағанды өңіріне қош келдіңіз",- деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы.

1
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жергілікті жастармен де кездесіп, пікір алмасты, ұсыныстарын тыңдады. Мемлекет ұсынып отырған түрлі бағдарламалардың игілігін көріп отырған бірқатар жастар алғыстарын жеткізді.Шара соңында Мәлік Отарбаев қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.