BANNER

Қазіргі күні білім сапасы төмендеп кетті ме?

pixabay.com

Ұстаз- қастерлі, ұлағатты ұғым! Адам баласының жүрегінде қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса,соның бірі «Ұстаз» екені хақ.                   Себебі, қай кезеңде болмасын ұстазға деген ерекше сыйластық пен  құрмет болды.

Өмірлік жолдың алғашқы қадамдарын айқындап берген,өмірдің сан қырлы сырларын білуге,жан дүниеге нұрлы шуақ түсіріп,адамгершілікке баулыған жанның бейнесі көңіл төрінен әрқашан орын алары анық.Дегенмен,адам өміріне қалдырған ізі мәңгілік ұлағатты ұстаздарды ұмыту мүмкін бе?                                                                                                           Сол ұстаздардың бірі Ақтоғай ауданы Қазбек Нұржанов атындағы тірек мектебінің ұстазы Балтабаева Жанар Аманбековнамен арнайы сұхбаттасқан болатынбыз.

-Жаңартылған білім беру мүмкіндіктері жайлы айтып өтсеңіз?

-«Бәсекеге қабілеттілік» ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Жаңартылған білім берудің мүмкіндіктері – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, оқыту мен оқу процесінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Сондықтан әр ұстаз осы жаңартылған білім беру жүйесі мен мүмкіндіктерін өз тәжірибесінде дұрыс қолдана отырып, оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы сыни көзқарасы қалыптасқан, ой-өрісі пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, цифрлық сауаттылығы қалыптасқан бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу. Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу барлық ұстаздардың алдына қойған мақсаты.

-Сіздің ойыңызша білім беру сапасының төмендеуіне қашықтықтан оқудың әсері болды ма?

Қазіргі білім беру жағдайында білім алушылардың білім сапасы біраз төмендеді. Білім сапасының төмендеуі қашықтан оқудың салдары. Елімізде болған пандемияға байланысты қашықтан оқуға тура келді. Сол кезде әр оқушының білім сапасы біршама төмендеді десек артық емес. Күнделікті мұғалім алдында отырып білім алып, әр сабақ барысында берілген тапсырманы мұғаліммен және сыныптағы оқушылармен бірге талқылайтын. Түсінбеген тапсырмаларды бірлесе орындаудың нәтижесінде оқушылар білім негізі қаланатын. Шығармашылықпен іздене отырып, әр сабақта нәтижелі білім алуға талпынатын. Міне қашықтан оқыту барысында білім нәтижесі аздап өзгеріске түсіп, білімалушылардың білім сапасы төмендеді.

 

Мұғалімнің басты мақсаты қандай болу керек?

Мектеп- еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы – жастардың білімінде. Білім беру жүйесінде, оқыту мен оқу үрдісінде тиімді қолданылған инновациялық технологиялар арқылы оқушыны шығармашылыққа жетелеп, болашақта мамандық таңдауына, кәсіби өсуіне көп көмегін тигіземіз. Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. Мұғалім оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеп, шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау қажет. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән берген абзал.

Білім сапасынын көтеру үшін қандай әдіс-тәсілдерлді ұсына аласыз?

Оқыту мен оқу үрдісінде мұғалім жаңартылған білім мазмұнына сай жаңаша әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды оқыту үрдісінде тиімді қолдана білсе, шығармашылықпен жұмыс жасай білсе, оқушы білімі жоғарламаса төмендемесі анық. Жаңалық ашуға жаны құмар, заманауи әдіс-тәсілді мұғалім тәжірибесінен көре білген білімалушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, білім сапасы артады. Оқыту мен оқу үрдісінде алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу нәтижесінде, білімалушылардың танымдық белсенділігі артып, оқу сауаттылығы дами түседі. Олар өз бетінше білім алуға талпынып, шығармашылықпен жұмыс жасауға төселеді. Білімалушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, білім сапасының артатынын түсінеді. Болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдай отырып, білім баспалдағының жоғары нәтижесіне көтеріледі. Жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті, рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Күннен-күнге қарыштап дамыған мына заманда білім алудың түрлі жолдарын ұтымды пайдаланып, ел болашағын өркендетер ұлы істер атқарар тұлға қалыптасары анық.

Мадина ИСИНА