BANNER

Қарағандының акушерлік-гинекологиялық орталығында тегін тексеруден өтуге болады

Фото: gov.kz

Маусым бойы Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығында "Бақытты сағаттар" акциясы өтеді. МӘМС сақтандырылушыларына мамандар тегін кеңес береді.

Гинекологтар апта сайын сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

Қабылдауға келгендер кеңес алып, жағынды тапсыра алады және жамбас мүшелерінің гинекологиялық ультрадыбысын жасай аласыз.

Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.

Акушерлік-гинекологиялық орталық Қарағанды қаласы, Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы) мекенжайында орналасқан.