7 маусымда Қарағандыда үш жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 11А ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
Дәл осындай оқиға 9 маусым күні Балқаш қаласында болған. Мұхамеджанов көшесінде екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Жағдайы тұрақты және ауыр.
Қарағанды облысының ТЖД еске салады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
Балалар бар пәтерде терезелерде арнайы қорғаныс құралдары болуы керек;
Терезенің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай етіп бекітіңіздер;
Бала терезеге шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрін терезеден алысқа орналастырыңыздар;
Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!