Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы 10 маусымда Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан Атырауға гуманитарлық жүк келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
10 маусым күні Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті.
"Қытай мен Қазақстан - ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды. Белгілі бір себептермен біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келді. Бірақ бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына аударамын" деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй.
Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шекен аймақтарға Ляньюньган қаласынан күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар жеткізілді.
Бүгінде Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттыруда.