BANNER

Аймақ басшысы жеңімпаз оқушыларды марапаттады

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бүгін аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыстың мақтанышына айналған республикалық, халықаралық олимпиадалар және ғылыми жоба сайыстарының жүлдегерлерімен кездесті. Аймақ басшысы оларға ақшалай сертификат, ал жетекшілеріне Алғыс хат табыстады.

марапат

– Облысымыздың мақтанышына айналған, республикалық, халықаралық олимпиадалар және ғылыми жоба сайыстарының жүлдегерлерімен кездесу дәстүрге айналды. Мен үшін мұндай кездесулердің мәні басқа, мағынасы бөлек. Біз, үлкендер, баламыздың өмірлік жолына қызығушылық танытып, үлкен және кішкентай жеңістеріне қуанамыз. Мысалы, сендер өздеріңнің білімдеріңнің арқасында ерекшеленіп қана қоймай, мектеп беделін көтеріп, облыстың, еліміздің мерейін үстем еттіңдер. Сендердің жетістіктеріңді естіп, бір жасап қаламыз, сол себепті де бұл кездесу ерекше жылулық пен қуаныш сыйлайды. Облыста балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Халықаралық, республикалық олимпиадалардан жүлдегер атанған Сіздерді көріп отырып, болашағымыздың жарқын екеніне сенім артамыз. Сіздер лайықты білім алып, елімізді көркейтеді деген сенімдімін, – деді облыс әкімі.

Әртүрлі пәндер бойынша жеңімпаз атанған оқушылар аймақ басшысымен кездесуде көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандық таңдауда ақыл-кеңес алды.

Кездесуге Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанып, математикалық ғылымдар саласындағы облыстың абыройын асқақтатып жүрген олимпиаданың қола жүлдегері, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Жеңісбек Бейбарыс қатысып, аймақ басшысына оқушылар атынан ризашылық  білдірді.

марапат

Айта кеткен жөн, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына 38 елден, Австралия, Канада, Гонконг, Жапония, Корея, Малайзия сияқты ірі мемлекеттерден үміткерлер қатысады.

марапат

Биыл елімізден 155 оқушы қатысып, 55 бала жеңімпаз атанды. Қарағандыдан 6 бала қатысып, 1 бала қола жүлдеге ие болды.

 

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq.kz