BANNER

Жаңбыр және найзағай: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: unsplash.com

 

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 14 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Абай облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың жағалауында жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 14 маусымда облыстың батысында, солтүстік-шағысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық.

Астанада күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақытта секундына 23 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Обылстың оңтүстік жартысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. 14 маусымда облыстың солтүстік жартысында жоғары, кей жерде төтенше өрт қаупі бар.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.