Танымал әнші Жігер Ауыпбаев көпшілікке “Қойшы бала” болып танылған Айдос Кәденге ренішін жеткізді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.
Бүгінде қос өнер иелері бір-бірімен араласпайтынын мойындады.
“Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін... Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа", "Ішкен құдығыңа түкірме" дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!" – деп жазды әнші.