Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға петиция пайда болды,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.
Петиция epetition.kz сайтында жарияланды.
16 маусымда Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енген күні заңға қарсы петиция жарияланды.
Петиция авторлары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға тосқауыл қоюды талап етуде. Авторлар қабылданған заң дәстүрлі тәрбие беру үдерісіне қауіп төндіреді және билік азаматтардың жеке істеріне араласады деп санайды. Мұның кесірінен ата-аналардың көпшілігі айыппұл төлеп, есепке алынып, тіпті ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін деп қорқады.
«Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. Бұл заңды бұғаттауды талап етемін!» делінген петиция мәтінінде.
Бұл заң жобасын «Салтанат заңы» деп те атайды. Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жарық көрген бұл заң, петиция мәтінінде, бала тәрбиесіне сонымен қатар, ата ананың беделіне әсер етеді.