BANNER

Қарағандыда тауға шыққан екі әйелдің біреуі жартастан құлап мерт болды

Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары күшімен таулы аймақтан 54 жастағы әйел құтқарылды.

Қарағанды облысында 1970 жылы туған әйел құтқарылды. Ол таулы аймақтан өз бетінше түсе алмай, 112 қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, альпинистік жабдықты пайдалана отырып таудан түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Оның жанында өзі құралпы тағы бір әйел болған. Ол Бектау ата шатқалынан өзім түсем деп жартастан құлап, көз жұмды.

Құтқарушылар марқұмның денесін тапты.