BANNER

Алаяқтар министр Аида Балаеваның атын пайдаланып, елді алдауға көшкен

Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлауынша, соңғы кездері министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар түсуі жиілеп кеткен.

– Егер де осындай хабарламалар түссе, ол алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар, министрлік абай болуды, хатты елемеуге, оған жауап бермеуді сұрайды. Тиісінше, алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.