BANNER

Дипломат Сәкен Мамаш 15 тәулікке қамауға алынды

Фото: @Saken.mamash

Сәкен Мамаш әйелінің әпкесін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Үкімді елорда соты шығарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

БАӘ елшісінің бұрынғы кеңесшісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.  

Карина Мамаштың арызы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізілуде.

Еске сала кетейік, дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінің 10 жыл бойы ұрып-соғып, зорлағанын айтып, арызданған болатын. Жанжалдан кейін дипломат БАӘ елшісінің кеңесшісі қызметінен босатылды.