Ақтауда бес баланың әкесі 13 жастағы қызға оральды зорлық көрсетті. Қорлық көрген қыздың туыстары айыпты еркек жазадан құтылып кетеді деп алаңдап отыр.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Nemolchi.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
13 жастағы қыздың эпилепсиямен ауыратыны анықталып отыр. Бірақ қыздың туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу көктемде аяқталды. Сот жақында аяқталады.
«Адвокатты іске қатысудан шеттетті. Айыптыны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы бірнеше рет айтқан өтінішіміз ескерілмей жатыр. Зорлықшы жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін», — дейді жәбірленушінің нағашы әпкесі.