Қарағанды Экомұражайында 3 шілдеде "Шексіз әлем" Халықаралық көрмесі ашылады. Бұл экология мәселелеріне алаңдайтындардың барлығына қызықты болады.
Әлемді аралайтын экспозиция Жан-Марк Жанковичи мен Кристоф Бленнің аттас комиксінен шыққан. 2021 жылы жарық көрген бұл кітап үлкен жетістіктерге жетті. 2022 жылы Францияда 800 мың данасы сатылды.
Қарағандыда көрме Францияның Қазақстандағы елшілігінің, француз институты мен Француз Альянсының қолдауының арқасында өтуде.
"Көрме энергетикалық тақырыптарды креативті және қол жетімді түрде қозғайды: оны тарих контекстінде қолдану, отын энергетикасының көтерілуі, адамдардың қоршаған ортаға және әсіресе климатқа әсері жайлы айтылады. Экспозиция сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері, тамақтану және көлікті пайдалану принциптерін қайта қарау, қалалық ортаны жоспарлаудың жаңа тәсілдері және т.б. сияқты экологиялық мәселелердің ықтимал шешімдерін талқылауды ұсынады", – дейді ұйымдастырушылар.
Басталуы 17:00.
Көрме ашылған күні кіру тегін.
Экспозиция 2 тамызға дейін жалғасады.
Экомұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 47, 1-қабат.
Жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі.