BANNER

Украинада қастандық жасалған қазақстандық оппозиционер Айдос Садық көз жұмды

Stan.kz

Қазақстандық оппозиционер, “Бәсе” арнасының негізін салушы Айдос Садық көз жұмды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Оған 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 маусым сағат 3-те ол жан тапсырды.

“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.

Еске салсақ, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Кейін екі күдікті анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға пікір білдіріп, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы бұл оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберіп, нақты тапсырма бергенін жеткізді.