BANNER

Қарағандыда домбырашыларды флешмобқа қосылуға шақырады

Фото: gov.kz

Қарағандыдағы орталық саябақтың жағалауында 7 шілдеде сағат 12:00-де 500 домбырашы бір мезгілде Түркештің "Көңілашар", Құрманғазының "Сарыарқа" және "Балбырауын" күйлерін шертеді. Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады.

Флешмобты Тәттімбет Қазанғапұлының "Сарыжайлау" шығармасымен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі ашады.

Оған домбыра шерте алатындардың бәрі қосыла алады.

Флешмоб Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Толық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7-705-608-78-88.