Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ke сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 30 маусым күні Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында болған.
Тұрғындардың айтуынша, үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, оны аман алып қала алмаған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Щапов ауылдық округінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі ақпаратты растады.