BANNER

Қазақстанда коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өсті

Фото: el.kz

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары бір жылда 11%-ке өсті, деп хабарлайды LIFE09ақпарат агенттігі  El.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ке көп.

Әсіресе елорда тұрғындарының шығыны көп, олар 103,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылғы қаңтар - наурызбен салыстырғанда 6,5%-ке және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ке артық.

Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.

Осы уақытта тұрғын үй қызметтеріне, суға, электрэнергиясына, газға және басқа да отын түрлерінебаға ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір айда 0,9%-ға және біржылда 17,6%-ға өсті. Оның ішінде айлықдинамикада қоқыс шығару қызметтерінің бағасы6,1%-ға, электр энергиясының құны 1,8%-ға, тұрғынүй-жайларға қызмет көрсету және жөндеуқызметтерінің құны 1,7%-ға, су бұру қызметтерінің құны 0,2%-ға өсті.