BANNER

Бомба туралы хабарлаған баланың әкесі айыппұл төледі

Фото: orda.kz

Қостанай облысында тоғыз жасар бала достарының көңілін көтеру үшін мектепке «бомба» қойды. «Әзілкеш оқушының» әкесі осы үшін жауап беруге мәжбүр болды,деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Гимназия оқушысына қатысты жалған лаңкестік әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалды. Бірақ кейін баланың ата-анасын жауапқа тарту үшін әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылды.

«Құқық бұзушының әкесінен 36 920 теңге айыппұл өндірілді» деп хабарлады Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Естеріңізге сала кетейік, оқушы қоңырау шалғаннан кейін арнайы қызмет оқиға орнына аттанды. Олар балалар мен қызметкерлерді эвакуациялауға мәжбүр болды.