BANNER

Синоптиктер барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады

Фото: yandex.kz

Еліміздің басым бөлігінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 18 шілдеде "Қазгидромет" РМК дауылды ескерту жариялады. Кейбір өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, сондай-ақ тағы бір аймақтарда аптап ыстық болады, жоғары өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз найзағай ойнап, бұршақ, қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда найзағай жарқылдайды.

Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздап қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды.

Алматыда да найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Қонаевта таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18-23 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында аздап қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз де найзағай болады, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысына, батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Өскеменде найзағай болады деп күтіледі. Оңтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аптап ыстық болады: +35°C дейін. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде және Қызылордада найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.