BANNER

Орыс ұлтына тіл тигізетін рэп оқыған Кочнева 10 күнге сотталды

Фото: видео скрин

Алматының әкімшілік соты кеше қазақстандық белсенді Мария Кочневаны орыстар туралы фрагменті бар рэп орындағаны үшін 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Мария Кочнева сот шешімімен келіспейтінін білдіріп, шағым түсірмек ниеті бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол қамау мерзімін өтеу үшін арнайы қабылдау орнына жіберілетінін мәлімдеді.

Бұрын қызды Алмалы ауданының полиция басқармасына шақырған еді. Себебі әлеуметтік желілерде оның рэп фристайлында «Йоу, орыстар» атты рэптің фрагментін айтқан бейнежазбасы таралған болатын.

Белсенділердің айтуынша, бейнежазба Қазақстанда резонанс тудырмады. Бірақ ресейлік «Z-топтарда» таралғаннан кейін Кочневаға полиция назар аударған. Еске сала кетейік, бейнежазбадан кейін белсендіге  қорлау және қорқыту хабарламалары келіп түсе бастаған, ол сепаратистік топтардың әкімшілеріне қарсы полицияға шағым түсірді.