Париж олимпиадасында сынға түсетін боксшылардың жеребесі тартылып, алғашқы айналымдағы қарсыластар анықталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.
Париж олимпиадасында бақ сынайтын боксшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Кейбіреулері алғашқы айналымда-ақ мықтылармен жұдырықтасады. Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың бірінші кезеңдегі қарсыластарын ұсынамыз:
Ерлер:
51 келі. Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі. Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі. Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі. Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі. Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі. Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)
Әйелдер:
50 келі. Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)
57 келі. Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі. Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)
Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің алғашқы жекпе-жектері 27 шілде басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық боксшымен жұдырық түйістіреді.