BANNER

Атыраулық отбасы спортшыларымызды қолдау үшін Францияға сапарға шықты

Фото: orda.kz

Атыраудан көлікпен шыққан отбасы Париждің Триумфальды аркасының қасына жетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл көліктің иесі – Атырау тұрғыны, «Atyrau Nomads» клубының негізін қалаушы Ерік Шыныбеков. Оның отбасы Франциядағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін ұзақ сапарға шыққан болатын.

Өткен жылы Ерік пен отбасы Түркияға 17 күндік сапар жасады. Осы жолы олар Олимпиада өтетін Францияға баруды шешті. Наурыз айында құжаттарды жинап, сәуірде визаға өтініш берді. Екі аптадан кейін виза мақұлданып, олар көлікті дайындады.

Шыныбековтердің көлігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының суреттерімен безендірілді. Астрахань, Грозный, Магас, Кутайси, Батуми, Трабзон, Сибас, Кападокия, Алания, Анталия, Петхие, Чанаккале, Стамбұл өңірлерін басып өткен отбасы күніне 600 шақырымды еңсеріп отырған. Парижге жеткенде, Қазақстан елшілігі оларды қарсы алып, саяхат туралы сюжет түсірді. «Atyrau Nomads» клубында мыңнан астам саяхатшы бар, олар алыс сапарларға шығып отырады.

Еске сала кетейік, этнограф Владимир Дальдың тұжырымдауынша «Nomad» сөзі «көшпелі өмір сүретін ел» деген мағынаны білдіреді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ATYRAU NOMADS (@atyrau_nomads)Шыныбековтердің көлігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының суреттерімен безендірілді. Астрахань, Грозный, Магас, Кутайси, Батуми, Трабзон, Сибас, Кападокия, Алания, Анталия, Петхие, Чанаккале, Стамбұл өңірлерін басып өткен отбасы күніне 600 шақырымды еңсеріп отырған. Парижге жеткенде, Қазақстан елшілігі оларды қарсы алып, саяхат туралы сюжет түсірді. «Atyrau Nomads» клубында мыңнан астам саяхатшы бар, олар алыс сапарларға шығып отырады.