BANNER

15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттан секірді

Фото: pexels.com

Атырауда 15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап

Бұл туралы Атырау полиция баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 06:30 шамасында болды. Жасөспірім алған жарақаттарына байланысты сол жерде қайтыс болды.

«2009 жылы туған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.