BANNER

Қарсыласы тісқаққан Дусматов: Бибосыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Фото: ulyssport.kz

Париждегі Олимпиадада қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов келесі жекпе-жегін өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Екеуі бұған дейін үш рет кездесіп, екі мәрте өзбек боксшысы басым  түскен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ulyssport.kz-ке сілтеме жасап.

Бибосынов пен Дусматов 51 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда кездеседі. Бұл жекпе-жек 2 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 21:20-да басталады.

Сәкен Бибосынов кешегі жекпе-жегінде Сәмет Гүмүшті 5:0 есебімен жеңді. Ал, Хасанбой Дусматов пуэрторикалық Хуанма Лопес де Хесуспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтты.

Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері әрі 2021 жылғы әлем чемпионы. Хасанбой Дусматов 2016 жылы Олимпиаданың "алтынын" жеңіп алған. Ал, былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен.