BANNER

"Әрең жүр рингте": Сәрсекбаев Олимпиададағы боксшыларды сынап тастады

sputnik

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына қатысып жатқан боксшыларды сынап тастады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Сәрсекбаевтің сөзінше, Олимпиадаға қатысып жатқан жігіттердің физикалық жаттығуы өте нашар.

Екінші раундта тыныстаулары қиындап, әрең жүр рингте. Соққылары аз. Комбинациялық соққылар тіпті аз. Үш минутта қанша соққы жаудыруға болады? Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Бір үлкен ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші жекпе-жектен өте алмау деген не сұмдық? - деп жазды Сәрсекбаев.

Сондай-ақ, ол лицензия алған боксшылардың жарысқа дейін өткізген жекпе-жектеріне қатысты уәжін айтты.

Әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы мен жарты жылда 22 рет алаңға шықтым. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті..., - деді ол.