BANNER

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кетті

Фото: ulysmedia.kz

Азамат Сатыбалды бұл қызметті бір жыл атқарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ulysmedia.kz-ke сілтеме жасап.

Азамат Сатыбалды БАҚ-қа берген сұхбатында “Қазақфильм” киностудиясымен келісімшартты ұзартқысы келмегенін айтқан. Қазір актер халықаралық киножобаларға қатысу үшін Қытайда жүр.

Kursiv басылымы Мәдениет және ақпарат министрлігі кинокомпания басшысының кеткені жөнінде ақпаратты жоққа шығарғанын жазады.

Азамат Сатыбалды басқарғалы киностудияның басынан дау арылмаған.

Бұған дейін Парламентте кино саласындағы бюджеттің тиімсіз игерілуі сыналған еді. 2016-2022 жылдары Қазақфильмге кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталған.

Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын. Кейіннен Қазақфильм аниматорлардың қордаланған айлығын төлеп беретінін мәлімдеді.