BANNER

КЛЕОПАТРА

АШЫҚ ДЕРЕККӨЗ

 

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

 

(Мысыр сапарынан)

-1-

Әзір тұр әлем ұшуға,

Мастарға ұқсас бұл күйде:

Алыста көздің ұшында келеді ағып бір күйме!

– Былай тұр!

– Мынау қасқыр ма?!

– Көрейік, – дейді – біздер де!

Көрмесек жұрттың астында өлейік дейді

Біздер де!

– Кетсең – кет, әрі! Қақсама!-

деп біреу шықты батыл-ақ

Немене?! Сенен басқа да көз жоқ деп пе едің,

Ақымақ?!

Жетуге, әне, шақ қалды!

Көздерде жанып, лаулайды от!

Парлаған ақ боз аттары қанатты аққулардай боп –

Кеп қалды күйме атылған оқ сынды, шаңды

Сапыра,

Ішінде оның отырған падиша – Клеопатра!

Дүр етіп, – Әне, сол! – десе,

– Жатыңдар! – дейді ел. – Жатыңдар!

Келбетін оның көрмесе жынданар мына

Пақырлар!

Кім көрген қызық тап мұндай,

Көзіңе тамшы үймелер:

Пыр етіп ұшқан аққудай зыр ете түсті күймелер!

Өң бе бұл? Түс пе? Жат бәрі...

Бұлдырап кеткен ар жағы:

Арғымақ ақ боз аттары, тек қана есте қалғаны.

Елес пе? Жын ба? Не тегі?

Жарқырап қылыш, қанжары,

Қаптаған қалың нөкері, тек қана есте қалғаны.

Тек қана есте қалғаны,

Арманы болған ақынның, саф алтын сынды Күн

Түсі –

Тәкәппар патша қатынның ғажайып сиқыр

Күлкісі...

Кетті ме бәрін күлкі етіп?

Тек қана есте қалғаны:

Көздерін жапқан бұрқ етіп шұбырған күйме

Шаңдары...

– Періште! – десті.Теріс пе?

– Жер-Ана сынды бейішке

Аспаннан бір рет түсед те, кетеді ұшып, періште!

-2-

...Біраз жыл өткен қайырлы. Ат ойнап елде

Қашты аңыз.

Тағы бір дақпырт жайылды:

– Босанып жатыр патша қыз!

– Мысырдың ұлы бағына кім тумақ?!

– Айтшы, кім?! – деген.

Сарайдың алды тағы да қаптаған пенде. Гулеген...

Аң-таң ғып сонда бар жұртты,

Тұғырдан ұшқан қырандай

Аспанның астын жаңғыртты тағы бір дауыс

Мынандай:

– Сүйінші, халқы қаланың! Ішіңдер шарап, сапыра!

Әкесі – Цезарь баланың!

Шешесі – Клеопатра!

😚

...Біраз жыл өткен қайырлы.

Тағы бір

Дақпырт жайылды:

– Келіңдер!

Тойға шақырам бәріңді, беттен сүйем де,

Падиша Клеопатра тигелі жатыр күйеуге!

– Құлақ түр, қане, бар фәни! Естисіңдер ме,

Кереңдер?!

Күйеуі – арыс Антоний! Цезарьдан асқан кемеңгер!

Думан той кеулеп алапты ертең де, бүгін, кеше де,

Көшеде аққан шарапты

Үлгермей құйып кесеге;

Шулайды құлдар бақыра:"– Күнәміз болса кеш! – дейді.

– Құдай ғой – Клеопатра!

Құдайлар қателеспейді!"

-4-

– Былай тұр! Мынау қасқыр ма?!

– Көрейік дейді – біздер де!

– Көрмесек, жұрттың астында өлейік- дейді-- біздер де!

Не деген ғажап гүл өңі?

– Көздегі шабыт-тасқын ба?!

...Дұшпанның тау-тау сүйегі – арбаның шаңы астында...

– Асқақ жыр оның даңқына!

Асау үн көкті кернейді:

– Құдай ғой – Клеопатра! Құдайлар мәңгі өлмейді!!!

-5-

Біраз жыл өткен... Кеше ме?!

Көмескі ымырт шағында

Қаптаған пенде көшеде қырқысып жатыр тағы да:

– Былайтұр!

– Тиме шабыма!

– Немене? Көріп, өлейік!

– Бұл қандай қызық тағы да?

– Көрейік! – дейді

– Көрейік!

Бір-бірін нұқып, шалып та ұмтылды оқша атыла.

Кім дейсіз жатқан табытта? –

Падиша Клеопатра!

Клеопатра?!! Клеопатра!!! Клеопатра....