BANNER

ҚазҰУ пәк қыздарының тізімі: Университет қызметкерлері жұмыстан шығарылды

Фото:kaznu.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке деректерінің жариялануы бойынша кінәлілер жазаланғанын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Кейбір қызметкерлер жұмыстан босатылса, басқалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Университетке қызмет көрсететін медициналық орталық қызметкерлері де жазаланып, аталмыш медициналық орталықпен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылуда.

Еске сала кетейік, WhatsApp мессенджерінде телефон нөмірлері, ЖСН және студент қыздардың медициналық деректері көрсетілген интимдік мәліметтері бар ақпарат таратылды. Құжаттар 190-ға жуық адам жазылған университет старосталар тобында жарияланды.

Цифрлық даму министрлігі зардап шеккен студенттерді кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініш беруге шақырды. ҚазҰУ медициналық орталығындағы медбике деректерді таратқаны үшін айыпталды. Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.