Жаз айының жайма-шуақ күндерімен бірге көпшілік халықты сергелдеңге салатын аллергиялық аурулар туралы және онымен қалай күресуге болатындығы жайлы Қарағанды қаласының аллерголог маманы - Асель Куликбаевамен сұқбаттастық.
- Асель ханым,аллергиямен күресудің тиімді жолдары туралы айта кетсеңіз?
- Аллергиямен күресудің тиімді ең жолдарының бірі – аллергенсфеципиялық терапия. Бұл терапияның негізгі мақсаты иммундық жүйені белгілі аллергенмен таныстыру және аллергендерге қарсы қабыну реакциясын болдырмау. Сонымен қатар аллергиялық аурулардың симптоматикалық емі бар. Мысалы,маусымдық аурулар кезінде жергілікті мұрынға,көзге, денеге арналған түрлі спрейлерді пайдалануға ұсынамыз.
- Сізге “қабылдауға” келетін жандардың орташа жас мөлшері қандай? Әр адамға әр түрлі жол табу қиындық туғызбайды ма?
- Маған қабылдауға келетін адамдардың жастары әр-түрлі. Мысалға, жаңа туылған 40 күндік бала мен 80 жасқа дейінгі қарт кісілер де келеді. Өйткені аллергия кез келген жаста қабынуы мүмкін. Көп жерлерде еститін мифтардың бірі - жиналып барып пайда болатын аллергия немесе жұқпалы аллергия деген әңгімелердің бәрі өтірік. Әрине, аллергиямен ауыратын жандар көп болғандықтан, күніге әр түрлі пациенттер келеді. Әр пациентке жол табу оңай емес, кез келген жұмыстың қиындығы болатындығы сияқты, бұл жұмыстың да өзінің қиыншылығы бар.
- Аллергиямен ауыратын жандарға айтар кеңесіңіз қандай?
- Аллергиямен ауыратын жандарға айтар кеңесім, егер сіздерде қандай да бір аллергиялық реакциялар болса,өздігінен ем алуға тырыспаңыз. Аллерголог маманға кеңес алуға жүгінгеніңіз жөн. Себебі, жылдар өте келе аллергияңыз өршіп кететін болса,сәйкесінше ауыр препараттар тағайындауға тура келеді. Сондықтан аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда бірден білікті мамандарға хабарласқаныңыз дұрыс.
- Асель ханым, берген жауаптарыңызға көп көп рахмет, алдағы уақытта жұмысыңызға тек сәттілік тілейміз! Ал аллергиялық аурулары бар жандарға Куликбаева Асель сияқты білікті мамандардан кеңес алып, ауырмайтын жол іздеулеріңізге тілектеспіз!